Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады»: Баян Мақсатқызы әйелді меншігі көретіндер туралы айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова әйелдердің құқығын шектейтін ой айтқан блогерге шүйлікті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады»: Баян Мақсатқызы әйелді меншігі көретіндер туралы айтты

Желіде Жанәділ Райымбековтің "Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды" тақырыбындағы видеосы таралды.

“Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады", – деп ашуланды продюсер.

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы басқа да сала мамандарына блогердің жазалануын талап етті.

“Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!", – деп жазды Баян Алагөзова.