Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Райм қартайып кетіпті»: желіде Ерке Есмаханның отбасылық суреті қызу талқыға түсті

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық фотоларын жариялады. Қазнет қолданушылары жарияланымның астына жарыса пікір қалдыруда, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Райм қартайып кетіпті»: желіде Ерке Есмаханның отбасылық суреті қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/erke_esmahan

«Уақыттың зымырап өтіп жатқанын біздің ЖанҰяға қарап сезсеңіздер болады. Кеше ғана у-шу болып үйленіп едік. Міне, бүгін төрт құбыламыз түгел боп алдарыңызда тұрмыз», - деп жазды әнші.

Ал Ерке мен Раймның отбасылық фотосуреттерін көрген желі қолданушылары жас отбасыға бақыт тілеп, жақсы тілектерін білдірген.

«Бәріне қарамай бақытты болуға болатынын дәлелдеген махаббат символы», «Осы отбасыға қараған сайын бір жылулық бетке ұрып,сезіліп тұрады», «Тату - тәтті отбасы, әрқашан бақыттың шуағы нұрландырып тұрады», «Көп еркектер Райымнан үлгі алса болады,әйел адамды қалай сыйлау керегін,аманатын қалай қолдап,қорғау керектігін көрсетті» деген сынды пікірлер жазылған. 

Десек те, пікір білдірушілердің арасында әнші Раймға қатысты әзіл-шыны аралас пікір қалдырғандар да табылды.

«Райм қартайып кетіпті», «Райм қартайып, Ерке жасарып бара жатыр ма,қалай өзі?!», «Райм үлкен көрінеді екен, Ерке екеуі құрдас сияқты», «Райм кростан лоферға секірем деп 1000 ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар, иә, но жонушка кигізеді дегенді енді түсінген шығар» деген пікірлер жазылған.