Танымал әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева Америкада тұратын Ерлан есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Өнер иесі неке қию сәтін көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.
«Әйгерім Сейфолланың сырласуында» әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өмірлік серігін қалай кезіктіргені жайлы айтып, неке қию сәтінен эксклюзив видеоларымен бөлісті. Менің ешбір жерде көрсету ойымда болмады. Бұл неке қию сәті Лос-Анджелес қаласындағы палестиндіктердің мешітінде болған. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Менің бұл азаматқа тұрмысқа шығам ба, шықпаймын ба деп, рұқсатты ұлымнан сұрадым.
Қалыптасқан жігіт, өзі бұрыннан танитын. Маған ұсыныс жасағанда бірден Асылжан ұлыма хабарластым. Ол "Мен үшін жігіттің төресі, өресі биік, білімді. Мен сенің қасыңнан Ерлан ағадан басқа азаматтың табылғанын елестете алмаймын" деп рұқсатын берді, - дейді әнші Айгүл Иманбаева.