Әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды Paryz.kz.
Әнші 26 жасқа толып жатқан ұлына арнап тілек жазған.
"Алла ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! АллаТағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың сансыз салауаты болсын!) лайықты үмметі, елімізге пайдасы тиетін қазақ халқының адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным. Ол үшін не істеу керек? Ертерек үйлену керек", - дейді әнші.