Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«Өзіме өзім сөз бердім»: Ерке Есмахан ажырасу тақырыбын қозғады

Танымал әнші Ерке Есмахан жеке өмірінен сыр шертіп, не себепті екінші рет тұрмыс құрғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 


«Өзіме өзім сөз бердім»: Ерке Есмахан ажырасу тақырыбын қозғады
Фото: instagram/erke_esmahan

Өнер иесі оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап беріп, ой бөлісті. Ажырасу тақырыбына келген сұраққа әнші кеңінен тоқталды. Өйткені кезекті оқырманы Ерке Есмаханнан "Ажырасқаннан кейін қалай тұрмысқа шығуға болады, адам сенгісіз!" деп жазған.

“Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған күйеу тек шоу үшін керек емес еді. Мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме өзім сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым”, – деп жауап берді әнші. 

Сонымен қатар тұрмысқа шықпаған және ажырасқан қыздарға кеңес беріп, саналы шешім қабылдауға үндеді. 

“Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Ең бастысы бақытты болу”, – деп жазды ол.