77-ші Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстаны» «Көшпенділер жері» картинасына табысталды. Бұл туралы euronews хабарлады.
Қытайлық режиссер Хлоя Чжаоның жұмысы конкурс бағдарламасының үздік фильмі атанды. Картинадағы басты рөлді Фрэнсис Макдорманд сомдаған.
Жеңімпаздарды жариялаудың салтанатты рәсімі сенбі күні фестиваль сайтында онлайн өтті. Чжао мен Макдорманд фильмнің кейіпкері Американы аралаған вагоннан эфирге шықты.
Үздік режиссура үшін берілетін «Күміс арыстан» жапониялық Киеси Курасаваның «Тыңшының әйелі» фильміне бұйырды. Ал ресейлік режиссер Андрей Кончаловскийдің «Құрметті жолдастар!» фильмі арнайы сыйлық алды.