Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Халық жауы болса, алаңға шығарып атып тастаңыздар - Қайрат Нұртастың әкесі

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков тележүргізуші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында  Қайрат Нұртастың аяғынан шалушылар көп болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық жауы болса, алаңға шығарып атып тастаңыздар - Қайрат Нұртастың әкесі
фото: әлеуметтік желіден

Нұртас Айдарбеков Алматыда “Прайм плазада” болған оқиғаны еске алды.

2013 жылы Қайрат Нұртастың әншілері аталған сауда орталығында бұзақылық жасап, 107 адам полицияға жеткіліген еді. Одан кейін де бірнеше оқиға болғанын айтқан ол көп жерде Қайраттың ешқандай кінәсі жоқ екенін айтты.

“Бұл Қайраттың істеп жүрген жұмысы ғой. Қайратқа еңбекақысын төлеп, туалеттің қасына аппарат қойып, мына жерде айт десең де, ол айтады. Өйткені жұмысы сол. Сондықтан, Қайрат барды, шақырды, ақшасын төледі. Өлеңін айтты, кетті. Бірақ түйенің білетіні жантақ дейді ғой. Сол сияқты, жұрттың білетіні Қайрат. Ол жерде Қайраттың жеке концерті емес мысалы. Мыңдаған әнші жүр. Бірақ сол кезде Қайрат алға шығып тұрған бала, атын плакатқа үлкен қылып қойып қойған. Жұрт Қайраттың концерті деп ойлайды”, – деді Айдарбеков.

Оның сөзінше, содан кейін Қайраттың аяғынан шалушылар болған.

“Халық жауы құсатып сол кезде де аяғынан қатты шалды. Марқұм Арман Дүйсеновтің концерті болды тура сол кезде. Қайрат соның бір-екі әнін орындайды екен. Соның концертіне ән айтуға кеткен. Сөйтсем Дворецке кіргізбей қойыпты. Кейін бір үлкен кісілерге барып айттым: Енді халық жауы болса, алаңға алып шығып, атып тастай салыңыздар, ол баланы не қыласыздар?” дедім. Дворецке кіргізбеу деген не сұмдық? Қайраттың қандай кінәсі бар десем, шамалы бір жыл қоя тұрыңыз, бәрі басылады. Халық Қайрат деп шулап жатыр ғой деді. Бір жыл Дворецке шыққан жоқ. Тойға барып жүрді. Сондайдың бәрі соққы ғой. Мына жақтан бәрі жақсы болады деп басу айтып жүрдік”, – деді ол.

«Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Сырғалым атанды»: Индира Расылхан сүйінші жаңалығын бөлісті «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Бірінші некеден туған ұлым тойдың кассаны жинады»: Айқын мен Жұлдыз тағы елді аузына қаратты «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген белгілі әнші ажырасып кетті «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Димаш – көкте, Қайрат Нұртас сияқтылар жерде»: Бибігүл Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдызды Қайраттың асырап отырғанын айтып, елге жауап берді «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты «Жұлдыз 24 миллион теңге қарыз»: Қайрат Нұртастың әйелін құрбысы сотқа беретінін айтты Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасатынын айтты: актрисаны сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты «Әкем сол кеткеннен қайтып келмеді»: Нағима Есқалиеваның ұлы отбасы туралы айтты