Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Алла деген жазу тұр»: Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде өзі куә болған жайт туралы айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсірілімі кезінде аспандағы бұлтты ерекше құбылысқа балады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

«Алла деген жазу тұр»: Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде өзі куә болған жайт туралы айтты
фото: видеодан скриншот

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр… Жаңа бейнебаян түсірілімі кезде осындай керемет құбылыс болды. Аспандағы бұлт Алла деген жазуды бейнелеп тұрды. Алланың аты жазылып тұр. Ешкімге үндемей бірер минуттай қарап тұрып шыдай алмай видеоға түсіріп алдым. Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді. Жұмыс барысында осындай құбылыс орын алған болса, бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут алдын бұдан да анық жазылып тұрған еді», – дейді ол.