Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Түнде шығарып аламыз»: Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын айтты

Ұшақта төбелесіп, 15 күнге қамалған Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды. 

«Түнде шығарып аламыз»: Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына Қайрат Нұртастың балаларымен болған хат алмасуын жариялаған. Немересіне әкесін "Ертең түнде шығарып аламыз" деп жазған.

“Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, “апа, біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз” деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әні-міні деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған. Қашан да армандарын орындау – бар мақсаты. Кім қай жақты қалады, бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп, бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, мен де солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама. Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін", – деп жазды ол.