Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті

Баян Мақсатқызы бір жобада бой көрсетіп жатқан актер Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваны көрсетті. 

«Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр»: Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті
фото: әлеуметтік желіден

Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр. Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі.

Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Недеген идеалды қарым-қатынас?! Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі. Әлі де үлес қоспақ”, – деп күлді Баян Мақсатқызы.

Жуырда еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілетін фильмнің сюжетін Айгүл Иманбаева айтып берді.

“Менің образым – Қарлығаш Капенова. Әкімшіліктің идеология бөлімінде жұмыс істейді. Өзіме де қызық болып тұр. Режиссері – Асылжан Сәбитұлы. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді актриса.