Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Асыл тастармен безендірілген»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сыйлаған ерекше бас киімді көрсетті

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова кезінде күйеуі Заманбек Нұрқаділов сыйлаған, құны 33 мың доллар тұратын концерттік бас киімін көрсетті, - деп хабарлайды paryz.kz. 

«Асыл тастармен безендірілген»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов сыйлаған ерекше бас киімді көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Бас киім арнайы таза күмістен жасалған, асыл тастармен безендірілген. 

«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», - дейді Халық әртісі.

Мақпал Жүнісова бұл бас киімді тек Алматыда ғана киеді екен. Өйткені салмағы ауыр болғандықтан басқа қалаларға алып жүру қиын. 

«Жеке концертімде басымызды тік ұстап тұрып кидік. Домбырамен жеті өлең айттым. Бір жағынан басыңды тік ұстап тұруға жақсы екен», - деді әнші.