Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қатты жыладым»: әнші Бағдат Сәмединова өмірдегі өкінішін айтты

Әнші Бағдат Сәмиденова өмірдегі өкінішін айтып, балаалық шағындағы оқиғаны есіне алды, деп хабарлайды Paryz.kz kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қатты жыладым»: әнші Бағдат Сәмединова өмірдегі өкінішін айтты
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы БазарLike бағдарламасында айтты.

"Әке-шешем ерте қайтыс болып кетті. Өкініш дейтін сол ғой. Бір өкініш іште тұрады. Әкемнің інісінің қолында өстім. Әжем болды. Сол әкемнің інісі бізді қолына алды. Туған әке мен ананың орны бөлек. Бір күні балалармен ойнап жатқанда біреу "сенің шешең жоқ" дегенді айтып қалды. Біздің үй үлкен болатын, бақшамыз бар еді. Балалардың бәрі біздің үйге жиналатын, көмектесетін. Жоңышқаның арасына барып, ешкімге көрсетпей жатып жылағаным бар. Сонда өмірімде бірінші рет қатты жыладым", – деді ол.