Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Тиран емес»: «Меломен» тобының әншісі басы дауға қалған Ғабит туралы айтты

Бүгін «Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзаханов әріптесі Ғабит Бибасыұлын туған күнімен құттықтады. Осы орайда ол досының бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергеннің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сөзін жоққа шығарды.

«Тиран емес»: «Меломен» тобының әншісі басы дауға қалған Ғабит туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ғабит Бибасыұлының бұрынғы жұбайы Нұрила Ақберген жақында ғана Анна Данченкоға сұқбат беріп, бес жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтқан еді. Аталған жайттан соң «Меломен» тобының мүшесі қызу талқының астында қалды.

Ал бүгін «Меломен» тобының мүшесі Қайрат Мырзаханов Instagram желісіндегі парақшасында әріптесі Ғабит Бибасыұлын туған күнімен құттықтап, өз пікірін жазды. Ол желіні шулатқан экс-келінінің сөзін жоққа шығарып, досының жақсы тұстарын атап шықты.

«Ғабит жайлы соңғы әңгіме мүлде шындыққа жанаспайды дегім келеді. Ғабиттей алтын жігітті тиран етіп көрсетіп жатқандарды айтамын. «Бас жарылса бөрік ішінде» деп, көбіне елден бастап отбасы жағдайына айтылса керек. Қазір зорлық-зомбылық жайлы заң шыққаннан бастап қаншама әйел орынды, орынсыз бас көтеріп жатыр. Оның ішінде өтірік араласы аз емес. Бірақ ол Ғабитке мүлдем қатысы жоқ. Ғабит ешқашан бізге проблемасын айтып көрмеген және айтпайтын да жігіт. Тіпті, ол – бокстан «КМС» болса да, өзін бірінші ұрған жігіттерді сабырға шақырған мықты жігіт.

Осыдан соң қалай ол тиран болады? Әйелінің жағдайын менен де, қаншама көріп жүрген жігіттерден де жақсы жасап, аялап, алақанда ұстап, жүрегін адал ұсынған азамат. Әр жанұяда проблема болатыны сөзсіз. Оның бәрі ары қарай тамыры мықты жанұя болуды нығайтатын зат қой. Еркек ашуланса, арыстаннан жаман мінез шығады. Ғабитті жерден алып, жерге салып жатқан қыздар, ауыз өзімдікі деп, ешнәрсе білмей жатып артық жазудың қажеті жоқ.

Мен бірнәрсе білемін: Ғабит өз әйелін өте қатты жақсы көрген, алақанда аялап ұстаған азамат. Ғабиттің бәрі ішінде. Бала-шағасын, ата-анасын ойлап тіс жармайды.Басыңа бақ қонсын, досым. Бәрі уақытша. Экс-хайпер келіншек уақыты келгенде бәрін түсінер. Сені дүниеге әкелген ата-анаң аман жүрсін», - деді ол.