Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Бәрібір қызғаныш болады»: Құдасымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова кіші құдасымен видео түсіріп, сынның астында қалды, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Бәрібір қызғаныш болады»: Құдасымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Өнерлі отбасы ағайын мен тума-туыстарын жинап Түрген демалыс аймағында уақыт өткізіп жатыр. 

“Индиркамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарым үшін, көтеріңкі көңіл-күй болсын деп, TikTok түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы”, – деп әзілдеді продюсер. 

Продюсер сынап жатқан қырмандарының ашуын басып, бәрін өзі-ақ түсіндіріп берді. 

“Қызғаныш болады деп оқырмандарым жазып жатыр екен. Арам ойлайтындай, Нұрекең 35 жыл болды табиғатымда мінезімнің қандай екенін біледі. Одан кейін деңгейі төмен ақылсыз емес. Әзілің жарасса атаңмен ойна деген. Жарасып тұрса, құдаңмен неге әзілдеспеске?” – деп жауап берді өнер иесі.