Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«5 жыл бойы таяқ жедім»: Меломан тобы әншісінің әйелі де сырын ақтарды

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі бес жыл бойы таяқ жеумен өмір сүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«5 жыл бойы таяқ жедім»: Меломан тобы әншісінің әйелі де сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген блогер Нұрила Ақберен журналист Анна Данченкоға берген сұхбаты барысында күйеуінен «мүгедек болып қалмайын» деп ажырасқанын ашып айтты. Тұрмыста болған жылдарда оған күйеуі қол көтерген.

«Алты жарым жылдай бірге өмір сүрдік. Бізге ешкім араласқан жоқ. Ажырасу менің шешімім болды. Екі адамның бірі осы ойға бекінсе, оған үшінші адамның қатысы жоқ. Қазір әйел құқығы қатты қорғалып жатыр. Осыған мен қатты қуаныштымын. Бес жыл үйде отырдым. Бес жыл таяқ жеп өмір сүрдім. Мен жеке парақшама шындықты жаза бастағанда ол кісінің туысқандары маған ренжіді. «Елге танымал өнер адамының атына күйе жақтың» деп айыптады. Сол кезде менің намысым мен арымды ешкім ойлаған жоқ. Бәрі балалы болғаннан кейін басталды. Мен жалған үмітпен өмір сүрдім. Адам өзгереді, отбасылық өмір осындай кезеңдерден тұруы керек деп қате түсінік таныттым. Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім. Өйткені ешқашан өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы кездегі соққыдан кейін «мүгедек болып қалмаймын ба, менің кетуім керек» деген ой келді. Шапалақпен ұрдым дегенінің өзі – үш жұдырық. Соны түсіну керек», – деді блогер.

Блогер келіншектің айтуынша, ол ажырасқаннан кейін әншіден алимент те сұрамаған.

«Үш баламен ажырасып, екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін, балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміз осы болған. Одан кейін мүмкіндігінше ақшасы артық қалып жатса беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болғасын, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Соңғы кезде «алиментке беремін-ау» деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын», – деді Нұрила Ақберен.