Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Өгей шеше өгейлігін көрсетеді»: әнші Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы блогер, кәсіпкер Гүлеркем Ниязқұлова өнер иесінің екінші әйеліне қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Paryz.kz.  

«Өгей шеше өгейлігін көрсетеді»: әнші Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды. Өгей шеше өгейлігін көрсетеді", – деп жатады көпшілік. Ол рас, өз анаңның орнын ешкім де баса алмайды. Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жыл қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ әкеміздің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді... "Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?" деген жандарға дәл осы видео қысқаша жауап болсын", – деп жазды ол.