Әнші Бүркіт Алматы прокуратурасы ұйымдастырған «Тоқта-есірткі» акциясының аясында түрмеге барып, жас балалармен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Алматы прокуратурасы Бүркіттің үгіт-насихатын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.
Балалардың біреуі колледжде оқып жүргенде ақшадан қысылып, жаман әрекетке әрекетке бардым десе, енді бірі - істеген қылмысы үшін өмір бойы өкінетінін айтқан.
«Мұңаймаңдар! Бұл әрине сіздердің өмірлеріңізде өзгертуге келмейтін кезең, бірақ, ертең босап шыққан соң, осыны ұмытып, жаңа өмір бастауға тырысыңдар. Қатарластарыңа бұл дертке жоламасын деп ақыл айтыңдар, аман болыңдар! Өте өкінішті, бәрі біздің қазақтың жап-жас балалары. Өте ауыр қылмыс үшін 14,16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр. Олар есірткіні жерден көріп, қалтасына салғаны үшін ғана 3-7 жыл арқалап жатыр. Жастар, ұл-қыздар, бұған жоламаңдар! Ешқашан есірткі қолданбаңдар, оны таратпаңдар», - деді әнші жастарға.