Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты

Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжан «1001 түн» телебағдарламасына берген сұхбатында өзін Әйгерім Қалаубаевамен қосатындарға жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты
Фото: stan.kz

Өнер иелері бірлесіп үлкен жобаға кіріскен.

«Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын, Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек», - деді өнер иесі.

Осы тұста бағдарлама жүргізушісі Әйгерім Сейфолла әншіден "Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?" деп сұрады.

«Алла бұйыртса, толтырамыз. Олсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан 2-3 әніміз бар. Ал енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар», - деп жауап берді әнші.