Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Жылап отырмын»: Танымал блогер 20 млн-ға алданып қалған

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева тауар өндірушілерге алданып қалғанын айтып, әлеуметтік желіде оқырмандарына мұңын шақты,  деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Жылап отырмын»: Танымал блогер 20 млн-ға алданып қалған
фото: жетінші арна

Ол Instagram парақшасында өзінің арманын орындаймын деген үмітінің ақталмай қалғанын айтты.  Сондай-ақ бұған дейін де бірнеше рет алданғанын айтқан блогер қатты ашынғанын жасырмады.

Негізі бүгін жақсы жаңалықты бөлісемін деп қуанып жүргенмін. Осыдан 3-4 сағат бұрын өзімнің алданғанымды түсіндім. Менің түсінбейтінім "неге мен ғана алдана беремін?" немесе ашық ауыздығым кінәлі ме? Шынымды айтсам, не істерімді білмей отырмын. Басым дыңылдап тұр.
Быт-шытым шығып, жылап отырмын. "Бас аман болсын" деген дұрыс қой, бірақ сонша лох болғаныма ішім ашып отыр. 
Екі-үш ай бұрын осында келіп кеттім ғой, сол кезде менің нақты екі арманым болды.

Біріншісі, арықтауға байланысты бір зат сатсам, екіншісі, косметика сатсам дейтінмін. Әрине, шүкір, косметика жақсы ғой. Бірақ осы арықтауға байланысты заттың ең арзан, сапасы күшті, бәріне бірдей көмектесетін дүние тапқан едім. Қажетті адамдарға "осыдан маған көп қылып шығарып беріңіздер" деп, ақшасын бірнеше рет бөліп төлеп, өз еңбегіммен тапсырыс беріп кеткен едім.

Сосын маған "дайын, келіңіздер" деп қоңырау шалды, мен мәз болып келсем, маған болмайтын бір қаңылтырды дайындап қойыпты. Оның үстінде жүгіру мүмкін емес, құлап өлесің. Сонымен оларға барынша тауарды басқа сапада тапсырыс бергенімді айтып түсіндірсем, мені түсінгілері келмей тұр. "Берген қаражатыңызға осындай сапа" деп қатып тұр. Ақша алғанға дейін "бәрін қатырамыз" деген адамдар, ақша алғаннан кейін барсам, кісі болып тұр. Жүйке жүйем әбден тозды. Ақымақ басым-ай."Алсаңыз алыңыз, алмасаңыз ешқандай ақша қайтарылмайды" деп тұр. Қолымда дәлел де жоқ. Енді көреміз, - деді блогер.  

Сондай-ақ ол 20 млн теңге қаржысының желге ұшқанын жасырмады. 

Десе де қыруар ақшаға алданған блогер ұзақ қайғырып жатпады, ол ертеңіне-ақ Қытайдың базарын аралап жүрген видеосымен бөлісті. Оқырмандарына енді ақшасын білімге құямын деген ол бұл жолы Қытайдан өнім әкеліп сатуды үйрететін ментормен жұмыс істеп, бірнеше күннің аясында миллиондаған қаржы табуға ниетті.