Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

«100 пайыз ұқсайды»: Роза Рымбаеваға пародия жасаған студент жұртты күлдірді (ВИДЕО)

TikTok желісінде елімізге белгілі эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы кеңінен тарады. Студенттің Роза Рымбаеваны айнытпай салғаны соншалық қалың көпшілік өз таңданысын жасыра алмады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

@eldana_ganikyzy

Наблюдение певцов 1-курс экзамен, Еслямь Нуртазин шеберханасы

♬ оригинальный звук - Eldana
«100 пайыз ұқсайды»: Роза Рымбаеваға пародия жасаған студент жұртты күлдірді (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Роза Рымбаеваны сахналаған студенттің видеосын Елдана Ғаниқызы атты TikTok қолданушысы өз парақшасында бөліскен.

"Студенттерді бақылау. 1-курс емтиханы. Еслям Нұртазин шеберханасы", - деп жазған автор.

Видео бірнеше күннің ішінде 200 мыңнан аса қаралым жинады. Көпшілік әншінің студентпен ұқсастығын айтып, таңданып жатыр.

"Розаның өзі бұлай айта алмайтын шығар", "Қимылы 100 пайыз ұқсайды", "Роза ма, әлде еркек пе?", "Қатты ұқсайды", "Қалай айнытпай салады?", "Міне, нағыз талант", "Өзі ме деп қалдым", "Роза апамнан аумай қалыпсыз", "Өзі ме деп ойлап қалсам", - деп жазды жұрт. Аталған емтиханның қай оқу орнында өткені белгісіз. Көпшілікке сахнаға пародия жасауға шыққан студенттің аты да мәлім емес.