Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты

Әнші Мақсат Базарбаев «Мархабат» бағдарламасында беташарға барып, алданып қалған сәті туралы айтты, – деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Айтуынша, Тараз қаласынан шаршап келген. Дәл сол күні таңға жуық шаршап келгенін айтса да, танысының бірі оны бет ашуға көндірген.

"Теларнада жүрген қыз, танимын. "Аға, інім үйленіп жатыр. Сіздің бет ашқаныңызды қалап тұр" деді. Көңілін қалдырмайын, осындай (гонорарын) болады деп айттым, түсінесіңдер ғой. Жуынып-шайынып, барсам, Райымбек ауылына бір үйді дайындаған", - дейді өнер иесі.

Үй иесімен танысып, далада абыр-сабыр болып жүрген адамдарды көреді. Сөйтіп, келін түсіп жатқанына кәміл сеніп, тізімді алып, беташарды бастап кетеді.

Атасы 500 доллар, енесі 500 доллар салғанда әнші бақыттан басы айналғанын айтады. Оның үстіне "Ресейден келген досы бір бума ақша салды" дейді ол. Осылайша келіннің бетін ашуға кезек келгенде орамалдың арғы жағынан Еркебұланның атып шыққанын айтады.

"Аға, аға кешіріңізші, сіз алдандыңыз" дей берді", - дейді әнші күліп.

Осыдан кейін әнші беташарға барса, міндетті түрде қыздың түріне анықтап қарап, тырнағына дейін мән беретін болыпты.