«Миллион доллар беремін, маған үйлен»: әнші Өктем Алтаев өзіне жасалған ұсыныс туралы айтты (видео)

Әнші, сазгер Өктем Алтаев «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болып, өнері мен отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

Өнер иесі өнер құрбандықты талап ететінін атап өтті. Ал ондай кезде отбасы кейінге ысырылып қалады. Осыны түсінген әнші әрқашан отбасын бірінші орынға қойған. Мұның себебі де бар екен.

«Мен отбасында әкенің рөлі қандай екенін жақсы білемін. Себебі әкесіз өстім. Сол себепті балаларымның алдында көбірек болуды таңдадым. Әлі күнге дейін екі таңдау тұрса, бірінші отбасымды таңдаймын. Балаларым әкелерінің бар екенін сезініп өсуі тиіс. Өнер – ауыр жол. Жұрттың көзі бар, сөзі бар, адамды азғыратын ұсыныстар келеді. Ақша жүрген жер жақсы емес негізі. Маған «Саған миллион доллар беремін, маған үйлен, некемізді қидырайық» деген адамдар болды. Ал мен әрқашан өз отбасымды таңдаймын. Әлі де солай...», - деді әнші.