Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Көп жылаймын»: актер Болат Әбділманов өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Отандық танымал актер Болат Әбділманов өмірі жайлы сыр шертіп, өзі жайлы көпшілік білмейтін жайттарды ақтарды. Өнер иесі сырт көзге қатал көрінгенімен, шын мәнінде көп жылайтынын жеткізді, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көп жылаймын»: актер Болат Әбділманов өмірі жайлы жан сырын ақтарды
Фото: видеодан скриншот

Болат Әбділманов туып-өскен ауылы жайлы айтып, студент кезінде үйіне оралған сәттерін еске алды.

"Елге айтсам, сенбейді. Бірақ мен негізі көп жылаймын. Көбісі мені қатыгез, қатал, қатты деп ойлайды. Үйде отбасыммен кино қарап отырғанда ешкім жыламаса, бір сәттерде мен жылап қаламын. Жылаған сәттерім көп болды. Алматыдан ауылға сағынып барғанда жылайтынмын. Автобуспен ауылға кірген суық болып көрінетін еді. Сол себепті 5-6 шақырым қалғанда түсіп қалып, ән айтып кіретінмін. Сол кезде жылайтын едім", - деді актер.

Сонымен қатар өнер иесі отбасы жайлы жан сырын ақтарып, не себепті өзінің туған ата-анасының тәрбиесінде болмағанын ашып айтты.

Болат Әбділмановты кішкентай кезінде әкесінің ағасына асырауға берген.

"Ағайыншылдық деген қазақтың дәстүрі. Бір үйде бес кісі. Ең үлкенінің баласы болмаған. Ортаншысы - актер адамдар. Мен дүниеге келгенде әжем үйге келіп, ортаншы баласының қырқынан шықпаған сәбиін (ред. мені) ауылға үлкен ұлына апарып береді. Мені қойшының баласы деп жаздырған. Маған бұл жайлы ешкім айтпаған. 18 жасымда бір-ақ білдім. 14 жасымда мені өсірген анам қайтыс болды. Үйдің жалғыз баласы, мектептегі алғыр оқушы болған маған бұл жағдай ауыр тиді. Бірден есейіп кеттім. Кейбір балаларды береді, кейін олар бәрібір өз әке-шешесіне кетіп қалады.

Меніңше, бұл дұрыс емес. Туды, әрине. Бірақ түн ұйқысын төрт бөліп, сені асырап жеткізген адам нағыз ата-ана деп ойлаймын", - деді актер "Алғашқы" бағдарламасында.