Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында оқырмандарына видео үндеу жолдап, қазіргі жағдайын айтты. Жерлестеріне көмектесуге аттанған актер ауырып қалып, бүгінде үйінде жатқанын жеткізді.
"Оншақты күн болды. Жөтелім кетпейді. Өзімнен өзім терлей беремін. Біраз адамда сондай болып жатыр екен. Соның салдарынан ешқайда шыға алмай жатырмын. Үйдің жанындағы суды жайлап қарап қойып жүрмін. Басқа ешқайда шыға алмай жатырмын. Мына жөтел есімді шығарды. Не екенін түсінбей тұрмын. Көк тер болып жатырмын", - деді Жахан Отарғалиев.