Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қыздар, мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздар!» – Жазира Байырбекова

Танымал әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған аруларға үндеу жасады. Ол енді тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздарға әпке ретінде ақыл айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қыздар, мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздар!» – Жазира Байырбекова
фото: әлеуметтік желіден

Әнші бүгінде қазақ қыздарының болашағына алаңдаулы екенін жеткізіп, оларға әпкелік кеңесін берді. Әнші мейірімсіз адаммен қарым-қатынас құрмауға шақырды.

«Қыздар, сізді қатты сүйіп тұрса да мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздаршы. Құштарлық, махаббаттың алауы мәңгі тұрмайды. Мейірімсіз адам ғашықтық отымен ғана мейірімді бола алады. Ал ол сезім басылған кезде қатыгездігін көрсетпей тұрмайды. Басқа біреуге ғашық болғанда сізді адам құрлы көрмей қалады. Ал мейірімді адам сізді қатты сүймесе де, басқа адамға көңілі ауса да сіздің көңіліңізге кірбің салмайды, сізге жамандық жасамайды, сізді құрметтейді деп ойлаймын», - деп жазды ол.