Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің атын жамылып, халықтан ақша ұрлап жүрген алаяқтардан сақтануды ескертті, деп жазды Paryz.kz.
Өнер иесі алаяқтар енді халықтың сеніміне өтірік дәлел арқылы кіруге тырысып жатқанын айтты.
«Сақ болыңыздар! Телеграмда алаяқтар өтірік дәлел жинап, сенімге кіріп, өтірік ойын ойнатып жүр. Тіпті таргетке де жарнама шығарған. Осыны сол адам көріп отырса, жазаң ауыр болады, жеңіл ақша табамын деп өмір жолыңды ауырлатпа», - деп жазды әнші.