Құралай Анарбекова кино саласының өкілі болғандықтан мұндай жағдайдың орын алатынын алдын ала болжап, тиісті шараларды қолданған екен.
"Бұл жағдай бізді алаңдатты. Мен мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, фильмді заңсыз көрсетуге қарсы компанияны жалдадым. Телеграм немесе тағы да басқа да әлеуметтік желілерде шығып жатса, бірден парақшасы бұғатталады. Қазіргі уақытта киномыз желіде жоқ. Бірақ кейбір Telegram-каналдарға шығыпты. 2-3 мың қаралым болған парақшаларды таптық. Енді нақты ол адамды сотқа беріп, үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырып жатырмыз", - деді кинопродюсер "Revue News" бағдарламасында.