«Қытайлықсыздар ма?»: Қазақтарды танымай қалған Димаш елді күлдіртті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде әлемдік деңгейде танымал әнші Димаш Құдайберген түскен қызықты видео тарап жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қытайлықсыздар ма?»: Қазақтарды танымай қалған Димаш елді күлдіртті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Видеода Димаш Құдайберген жас тыңдармандарымен суретке түсіп жатып "Қытайлықсыздар ма?" – деп ағылшын тілінде сұрақ қояды, ал бірге суретке түсіп жатқан балалар "Жоқ, біз қазақпыз", – деп оған  орыс тілінде жауап береді. 

Кадрдан Димаш Құдайберген ұялып, қызарып кеткені байқауға болады. Астына пікір жазған желі қолданушылары Димаш танымал екеніне қарамастан сондай қарапайым екенін атап өткен.