Әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі, блогер Заңғар Нұртас көше ұрысымен төбелесіп қалған. Блогер REVUE NEWS бағдарламасында келіспеушіліктің 5 мың теңгеден басталғанын айтты, деп Paryz.kz ақпарат порталы.
"Еш жерде айтпадым. Бірақ көп адам сұрап жатыр. Көшеде біреу менен ақша сұрайды. Келіспеушілік болып, төбелесіп қалдым. Сосын қолымды сындырдым. Менен 5 мың теңге сұрайды. "Жарайды" деп, мен қолма-қол ақша берем. Алдымен шотыма аударатынын айтқан. Сәлден соң "Бір айналып келші" дейді. Осыдан соң төбелес басталды. Мәселе - 5 мың теңгеде емес, жігіттік намыста. Мен үндемей кетсем, үйге барып, қалай тыныш ұйықтаймын?", - деді Заңғар Нұртас.