«Музарт» тобының концертінде оқыс жағдай болды

Танымал “Музарт” ансамблінің концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Музарт» тобының концертінде оқыс жағдай болды
фото: әлеуметтік желіден

Наурыз айында жұлдызды топ қалааралық гастролдік сапарға шыққан еді. Оқиға Қарағанды қаласында болды. 

“Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда “шүкір” дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. “Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт” деп халық сұрайтын”, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев. 

Желі қолданушылары мен концертте болған көрермен қауым жаппай тілек жаудырып жатыр.