Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайын айтты

Осыдан оншақты күн бұрын актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында қазіргі жағдайын айтты.

Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайын айтты
Фото: видеодан скриншот

Әбдіхалықовтың айтуынша, екі аптадай ауруханада жатқан.

"2016 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін жүрегімнің жағдайы дұрыс болмады. Жүрегіме ота жасап, жаңа тамыр салды. Аллаға шүкір! Бір алланың қолында. Екі апта енді болды. Жақсы, шүкір. Ниеттеріңізге рахмет! Біздің Қазақстанда кардиология жақсы дамыған. Қазақстанның біраз қаласында кардиология бөлімінде жаттым. Жүрегіме 5 стенд қойдырдым", - деді Сәбит Әбдіхалықов.