Мақпал Жүнісова күтпеген жағдайға тап болды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова интернет алаяқтарының құрбаны болды. 60 жастағы әнші WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мақпал Жүнісова күтпеген жағдайға тап болды
фото: әлеуметтік желіден

"Алаяқ біреу осындай хабарлама таратып, алдап жатыр екен. Сенбеңіздер! Менің WhatsApp желім бір тәулікке өшті", - деді Мақпал Жүнісова.

Ал кейінірек әнші видео жариялап, ешқандай сілтемеге өтіп, дауыс бермеуге шақырды. "Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой", - деді Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасына салған видеода.