«Екінші рет тұрмысқа шығасыз ба»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

Тележүргізуші әлеуметтік желіде көпшіліктің өзінен екінші рет тұрмысқа шығу туралы ойын сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Екінші рет тұрмысқа шығасыз ба»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Желі қолданушысының бірі тележүргізушіден "Екі келінмен бірге тұруды жөн көресіз бе?", - деп сұраған. Ал Ләйлә Сұлтанқызы алдымен ұлдары үйлену керектігін айтты.

"Екі келінмен бірге тұрамын ба? Әлде келіндер менімен бірге тұрады ма? Бірінші үйленсін. Сосын менің асханама, қазаныма үйренсін. Сосын дамысын, оқысын", - деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар Сұлтанқызы өзіне жеке сұрақтардың көп қойылғанын атап өтті. 

Топ үш сұрақтың ішінде "Екінші рет тұрмысқа шығасыз ба?", "Қай келінмен тұрасыз?" дегені бар. Сондай-ақ күтім жайлы сұраған", - деп жазды тележүргізуші. 

Естеріңізге сала кетсек, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы осыдан біраз уақыт бұрын жолдасы өмірден өткен.