Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Жігер Ауыпбаевтың "өз-өзіне қол жұмсағаны" жайлы жалған ақпарат айтылған.
"Бүгін таңертең өз-өзіне қол жұмсады. Бір саған бұрын хабарланды. Ауыр хабар", - делінген желіге тараған жазбада. Ал әнші өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді. "Осы арнаның түпкі мақсатын түсінбедім. Бір емес, екі емес... Қойсаңдаршы, болды. Мені өлтіріп, не істейін деп жүрсіңдер?", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.