Топқа қабылданатын қыздардың қол-аяғы ұзын болуы керек - Баян Алагөзова

Продюсер Баян Алагөзова «Хабар лайк» бағдарламасында топқа қабылдайтында қандай талап қоятынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Топқа қабылданатын қыздардың қол-аяғы ұзын болуы керек - Баян Алагөзова
фото: әлеуметтік желіден

Топтың құрылғанына 18 жыл болды. Қаншама адам келді, қаншасы кетті, біразы күйеуге тиді, біразы ажырасып үлгерді. Шынымды айтсам, кімдер екенін айта алмаймын, кейбірінің аттары да есімде жоқ, - деді ол.

Сондай-ақ топқа әншілерді қабылдау барысында қандай талап қоятынына тоқталды.

Біз топқа әнші қабылдағанда ең бірінші сұлулығына, сосын дауысы мен харизмасына қараймыз. Қолы мен аяғы ұзын болуы керек. Тіпті саусақтары мен құлағына да назар саламыз. Адаммен қалай сөйлеседі, өзін қалай ұстайды, оны да бақылап, жүздеген қыздың ішінен іріктеп аламыз. Қазіргі қыздармен жасаған келісімшарт уақыты бітті. Екеуі кетеді, солардың орнына екі қызды дайындап отырмыз, - деді Баян Алагөзова.