Мейрамбек Бесбаев ауруханаға түсті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мейрамбек Бесбаев ауруханаға түсті
фото: nur.kz

Өнер иесі сырқаттанып тұрса да дәрігерлерден сұранып, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысып кеткен. Зайытовтың концертіне санаулы сағаттар қалғанда Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр берген, деп жазады Nur.kz сайты. 

Айтыскер эстрада дүлділі шығармашылық кешіне қатыспайды дегенге дайын отырған. Алайда өнер иесі денсаулығы сыр бергеніне қарамастан дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, Ринат Зайытовтың поэзиялық кешінде төбе көрсеткен.

Белгілі ақынның жеке шығармашылық кешіне бірқатар өнер жұлдызы жиналған.