ҚР Халық әртісі, әнші Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Мерейтой иесі туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мерейтой иесінің қуанышында өнердегі әріптесі Роза Рымбаева да тілек айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
«Нағима, шын жүректен сені құттықтаймын. Бүгін мен өзім ем алып, екпеден келіп отырмын. Сен екеуміз әлі ұзақ өмір сүруіміз керек. Бала-шағаны өсіруіміз қажет. Балаңның үйленіп, немере сүйгеніңді қалаймын. Ұлдарымыздың, немере-шөберелеріміздің бақытын көруді қалаймын. Халық әртістері көп болсын. Неғұрлым көп болса, соғұрлым олардың арасында шығармашылық бәсеке болады. Бұл қызық. Сахнада Кеңес одағында халық әртісін алған үш әйел бармыз. Сен, мен және Мақпал. Бірақ үшеуіміз үш түрлі әлембіз», – деді Роза Рымбаева.
Сол кезде сөзге араласқан мерейтой иесі Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованың «Халық әртісі» атағын одақ тұсында емес, Қазақстаннан алғанын айтады.
Бұған Мақпал Жүнісова ренжіп қалған. Ол әлеуметтік желіде қысқаша пост жазды.
«Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін», – деп жазды әнші.
Желіде пікір жазғандар оған қолдау көрсеткен.
«Мақпал Жүнісова әр қазақтың жүрегінде ең бастысы», «Әрине, сіз ең құрметті е-е-ең ерке әншісіз», «Халық өзіңді жақсы көреді, шындық!», «Қалжыңдап жатыр ғой Мақпал апай», «Мақпал апай, оларға мән бермеңіз, "іштен шыққан жау жаман" деген осы жерде айтылған екен ғой» деген пікірлер бар.