Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ұялы телефон көп беретін едік». Актриса Ақерке Арыс ұлының диагнозына өзін кінәләйтынын айтты

Көпшілікке "Родной" фильмі арқылы танылған актриса Ақерке Ақарыс "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында баласының ерекше диагнозы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.

«Ұялы телефон көп беретін едік». Актриса Ақерке Арыс ұлының диагнозына өзін кінәләйтынын айтты
Фото: видеодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, баласына психо-сөйлеу дамуының кешігуі диагнозы қойылуына түрлі фактор әсер еткен. Мысалы, жүктілік және босану кезіндегі қиындықтар, әйел өз-өзін күтпеу, балаға дұрыс қарамау, ұялы телефон көп беру және тағы басқа.

"Негізі балам бәрін түсінетін еді, бірнәрсе айтсам, оны орындайтын. Мен екінші рет босануға кеткенде дене қызуым көтеріліп 9 күн перзентханада жаттым. Одан шыққаннан кейін қызым пневмония болып ауырып, баламмен арамыз суып кетті, ол стресске түсіп қалды. Осы алшақтықтан кейін балам жабылып, өзімен-өзі болды. 1 жас 4 айынан бастап түрлі іс-қимылдарды істейтінді шығарды, аяғының ұшымен жүретін. Басында еркелік деп ойлап жүре бердік. Менің сіңілім өзі логопед-дефектолог, ол баламды көрді де маған "баланың ауырқушылығы бар секілді, тексертіңдерші" деп жазып жіберді. Мұны көріп, ашуланып, қабылдай алмадым, сөйтіп сол күні таңғы 05:00-ке дейін ұйықтай алмай, уайымдап жаттым. Сіңілімнің айтқан сөзіне ренжіп, онымен сөйлеспей тыңдамадым. Уақыт өте балам атын атасаң қарамайтынды шығарды, оған қоса көзге де тіке қарамайтын. Сөйтіп жүргенде сіңілімнің айтқаны дұрыс келіп, балама психо-сөйлеу дамуының кешігуі (ЗПРР) диагнозы қойылды.

Сонымен қатар, қызымды босанып келгеннен кейін балам сәл жыласа қолына ұялы телефон беріп қоятын едім. Мультфильмдерден көргенін қайталап жүргенін көріп, қайталап жатыр деп қуанатынбыз. Оның салдарын кейіннен ғана байқап, түсіне бастадық", - деді ол.

Актриса баласының бір жылдан бері коррекциялық сабақтарға барып жүргенін жеткізді.

"Ресейден мықты мамандар таптық. 3 ай сайын келіп, коррекциялық сабақ өтеді. Айына 1 миллион теңге төлеп, баламды сол мамандарға сабаққа апарып жүрміз. 3 сабақтан кейін ойыншықтармен өз бетінше ойнай бастады. Ол мамандар 10 ғана баланы қабылдайды, яғни орын саны шектеулі.  Ал қазір шүкір көзге тіке қарайды, шақырсаң түсінеді", - дейді актриса.

Ақерке Ақарыс жас қыз-жігіттерге кеңес берді.

"Сондықтан да менің қыздарға айтарым бірінен соң бірін туған дұрыс емес, негізі баламен толық 3 жыл отыру керек екен. Сонымен қатар, бала мұндай ерекшелікпен туғанда ата-ананың екі жақтан қолдауы маңызды. Оның еміне қанша қаражат кетеді, оңай емес. Бұл диагноз емделеді, бірақ ол үшін көп уақыт пен жұмыс қажет болады", - деді өнер иесі.