Мөлдір Әуелбекова тың жаңалығын айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге оқуға кетіп бара жатқанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарына тың шешім қабылдағанын айтты, деп жазды Paryz.kz

Мөлдір Әуелбекова тың жаңалығын айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Ойда жоқта, шет елге оқуға кететін болып шештім. Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым. Оқуға қай елге, қашан кететінімді ертең білетін боласыздар. Әзірше Астанадан Алматыға ұштым", - деп жазды әнші.

Ал кейінірек Әуелбекова оқуа Дубайға бара жатқанын айтты.

"Қанша адам жазып, хабарласып жатыр. "Қанша жылға кетіп бара жатырсың?" деп сұрауда. Жылдап кететін оқу емес. Еліміздегі мамандардың Дубайда өтетін 8 күндік оқуы ғой", - деді Әуелбекова.

Cонымен қатар әнші Дубайға ұлын да ала кеткісі келгенін жеткізді.

"Баламды да апарғым келді. Бірақ балама арналған бағдарлама жоқ екен", - деді Мөлдір Әуелбекова.