22.01.2024, 19:55

Жазира Байырбекова ер адамдардың "тоқал" алуына қатысты пікір білдірді

фото: әлеуметтік желіден

Эстрада әншісі Жазира Байырбекова ер адамдардың екінші әйел алуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында ер адамдардың тоқал алуына қатысты пікір білдірді. 

Үшінші адам "всегда лишний" болады, - деді эстрада жұлдызы.

Жазира Байырбекова "Үйдің шаруасында ер адам әйелге көмектесуі керек пе" деген сауалға жауап берді.

Негізі қажет, бірақ біздің Жәкең көмектеспейді. Баяғыда біздің жігіттер сыртта жүрген - аң аулаған, соғысқа кеткен, ал әйел адамдар үйде бала бағып отырған. Ал қазір әйелдер де, еркектер де жұмыс істейді. Сондықтан үй жұмысында көмектескенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ол өз адамы ғой, - деді әнші.