20.01.2024, 17:07

«Қазақтың барбиі»: Баян Мақсатқызы 50 жасын атап өтті

Фото: видеодан скриншот

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін арнайы қызыл кілем төселген. Сондай-ай, арнайы қонақ ретінде ресейлік әнші Валерий Меладзе да шақырылған.

Оқырмандар тарапынан туған күн иесіне түрлі пікірлер қалдырған. “Жап-жас қыз сияқты”, “сұлусың Баян”, “қазақтың барбиі”, “туған күнің құтты болсын” т.б.  Инстаграм желісіне жүктелген видеоларды қарасақ Баян Мақсатқызы мерейтойында 3 түрлі образда киінген. Одан бөлек Қайрат Нұртас өзінің үстіндегі костюмін шешіп, сыйға береді.