Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Үйден соғысқа аттанғандай қоштасып шықтым»: Жанар Айжанова Қаңтар оқиғасын есіне алды

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Жанар Айжанова Қаңтар оқиғасына қатысты ой-пікірін бөлісті. Саясаттан хабары жоғын алға тартқан әнші неге митингке шықпайсыңдар дегендерге жауап берді.

«Үйден соғысқа аттанғандай қоштасып шықтым»: Жанар Айжанова Қаңтар оқиғасын есіне алды
фото: әлеуметтік желіден

«Ей, ана жерге не деп шығасың. Жарайды митингке шықты, ананы атып кетті, ананы жазықсыз кетті деп жатыр. Оны анық көзімен көрмегеннен кейін айта алмаймын. Бірақ сол кезде сүтке тиген күшіктей үйден шықпай сүмірейіп үйде отырып қалдық бәріміз. Сол қаңтар оқиғасында. Мен ертесіне магазинге шықтым қорқып, өйткені үйдегі немеремнің сүті бітіп қалды. Ертен деп отырған кезде түнде анадай болып кетті. Үйден соғысқа аттанғандай қоштасып шықтым машинамен. Көшеге шыққанда көзімнің жасын тоқтата алмадым. Бірінші күні көшеде қирап жатыр, баклажка бірдене-бірдене, анау біздің адамдардың істейтін ісі емес. Көрінген жерде шашылып жатқан дүние өртенген (...) Сонда қан жұтып отырдық. Қорқыныш болды не істейміз, не болады деп. Сол кезде ойлаймын бізді Құдай сақтап қалған шығар, шыныменен де, ол бізге керек пе митинг, провокация, арандатушылар. Саяси өзінің білімі жоқ айтақтағанға кете беретін адамдар керек пе бізге» ‒ деді әнші. 

Сол қаңтар оқиғасынан кейін елде бір оң өзгеріс байқадыңыз ба деген сұраққа жақсылықты көрмеймін деген адам ештенені байқамайды, жақсылықты көре ьілу керек деп жауап қайтарды.

«Мысалы, сіңілімнің баласы бар – инвалид. Сол кезде президент айтып жатты ғой Ертеннен бастап жағдайды қарастырамыз деп, шыдандар, дұрысталады деген кезде, мен өзімнің көзімен көрдім сол инвалид баланың сол айда бірден ақшасы қосылды. Жағдайы жақсартылды. Оны енді жоққа шығаруға болмайды. Егер барымызды жоқ-жоқ-жоқ деп болсақ төбелейтін болсақ біз өспейміз. Жақсылықты көре білу керек, айта білу керек, кемшілікті де уақытында айта білу керек. Анау жоқ, мынау жоқ айқайлап жатқандарға бір облысты берші, не істейді екен ол. Пендешілігін жасап кетеді ғой. Үйіндегі екі баласы мен қатынына ие бола алмай жүрген адам келіп сын айтады. Рахат қазір үйде жатып алып айта береді. Айту оңай ғой, оны көтеру қиын. Тоқаевқа да қатысты айтам, бір ғана адамның істейтін ісі емес, бәріміз жұмылуымыз керек. Болшағымыздың жарқын болуы үшін, еліміздің татулығы үшін», ‒ деду Айжанова.