Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ерке Есмахан шығармашылығына қатысты жаңалығын Instagram парақшасында хабарлады.
Шоу-бизнес жұлдызы жақын арада сахнаға қайта оралатынын айтты. Бірақ бұл жолы әнші бір өзі ғана емес, күйеуі Raim-мен бірге концерт бермек.
"Күшті жаңалық айтамын. Артынан естімедік деп ренжімеңіздер. Ән салып, би билеп, суретке түскілеріңіз келсе, концертке келіңіздер. Көптен жүздеспедік", - деп жазды өнер иесі.
Жақында ғана балалы болған жұлдызды жұп наурыз айында Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал және Ақтау қалаларында ән кешін өткізеді.