11.01.2024, 12:19

«Бірге тұрамыз»: Жеңіс Ысқақова жаңа түскен келіні жайлы айтты

фото: әлеуметтік желіден

Әнші Жеңіс Ысқақова былтыр ұлын қайта үйлендірген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жаңа түскен келіні жайлы айтты. 

"Қазір басқаша сөйлеймін. Келінге "келін"деп қараймын. Ол үлкен статус қой. Келін деген статусты алып жүрудің өзі үлкен жауапкершілік. Қызым деп айтпаймын. Келінім - үйімнің сәні. Замандастарым ұлытаңдаған жарды мінеп-сынап қарамағаны жөн.

Келіндік міндетін атқарған кезде білмегенін көрсетіп, үйретуі керек. Біз келінімізбен бірге тұрамыз. Ескертудің өзін келініме үшінші күні жаймен ақырындап жеткіземін. Келінім - ұстаз, докторантурада оқиды. Үйде болсам, тамақты өзім жасай саламын. Ол да менің балам ғой", - деді әнші.