Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Мұрным мен төсімді өзгерттім»: Сиви Махмуди пластикалық отаға жүгінгенін айтты

Әнші Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқан. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында денесіне өзгеріс енгізу себебін түсіндірді, деп жазады Paryz.kz. 

«Мұрным мен төсімді өзгерттім»: Сиви Махмуди пластикалық отаға жүгінгенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Кішкентай кезімнен дұрыс демала алмайтынмын. Денсаулығыма байланысты шешім қабылдау керек болды. Ота жасатып, мұрынға қатысты мәселені шешкенде, Шымкентте жол апатына түсемін. Көліктің алдында отыр едім. Тура мұрныммен соғысамын. Отадан кейін бір ай өткен кез еді. Сосын мұрным қайта сынады. Көлік соғысқанда, есік ашылмай қалды. Мұрнымнан қан кетті. Есімді жинай алмай жатырмын. Ешкімге соғыспадық. Көлік арыққа кіріп кетеді. Жақын жерде жедел жәрдем бар екен. Солар көмек көрсетті. "Сынды" деді. Мен өз дәрігеріме хабарласып, Өзбекстанда қайта ота жасаттым, - деді Сиви Махмуди. 

Сонымен қатар әнші кеудесіне де ота жасатқанын жасырмады.

Кеудеме ота жасаттым. Ол мұрнымның алдында болды. Мен кеудемді үлкейтпедім. Бұрыннан бар дүние. Кеудеме киста шыққан. Соны алдырып, кеудемнің пішінін қалпына келтірдім. Босанған әйелміз ғой. Бірақ кеудені үлкейту деген нәрсе болмады, - деді әнші.