Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алтынай Жорабаева 45 жасында сәбилі болды

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесінің сүйінші жаңалығын Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Paryz.kz. 

Алтынай Жорабаева 45 жасында сәбилі болды
фото: әлеуметтік желіден

Алтынай Жорабаева қыз баланы өмірге әкелген.

"Өмірге тәп-тәтті қыз келді. Алтынай, құтты болсын!", - деп жазды Оразымбетова. Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Алтынай Жорабаева көпшілікке аяғы ауыр екенін мәлім етті.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.