Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қызын алақанында аялап жүрген адам»: Атышулы Байзақова басы дауға қалған інісін жақтап шықты

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова желіде басы дауға қалған інісі Әлихан Байзақовты жақтап шықты. Атышулы ару бауыры аталмыш видеоны "зорлық-зомбылыққа шақыру" мақсатында емес, тек әзіл ретінде түсіргенін айтты, деп жазады paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қызын алақанында аялап жүрген адам»: Атышулы Байзақова басы дауға қалған інісін жақтап шықты
фото: әлеуметтік желіден

Айжан Байзақова желіде туындаған дауға байланысты пікірін Instagram парақшасында білдірген. Блогер ару інісіне айтылып жатқан сыни пікірлер орынсыз деп есептейді. Ол Әлиханның шынайы өмірде қандай адам екенін айтып, оның қызымен қарым-қатынасына тоқталып өтті.

"Кішкентай кезімізде Әлиханға тхэквондо әдістерін жасап, есін шығаратынмын. Ол менің соққыларыма ешқашан жауап бермейтін. Маған шыдап бақты. Себебі ол қызға қол көтеруге болмайтынын білетін. Видеоға қарап, оның "әйелдерге деген қарым-қатынасы жаман екен" деп ой түю дұрыс емес.

Ол қыз атаулысына пікір жазып жатқандардың көбісінен жақсы қарайды. Ол өз қызын алақанында аялап жүрген адам. Тіпті оған ешқашан дауыс көтермейді. Ал орынсыз әзілмен түсірілген видео "зорлық-зомбылыққа" насихаттау немесе оның дәлелі болып саналмайды", - деп жазды Айжан Байзақова.