Баян Мақсатқызы алғашқы баласынан қалай айырылып қалғанын айтып, сырын бөлісті.
Айсәуле қызымның алдында менде түсік болды. Айсәуле екінші рет көтерген балам. Мен үш рет босандым. Баламнан 36-шы аптада айырылып қалдым. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде жиырма жаста болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім,- деді ол.
Сонымен қатар ол ішіндегі өлі баланы босану үшін қаладағы ешбір перзентхана қабылдамағанын айтты. Олар тіптен ата-анасынан қолхат алып, "егер бірдеңе бола қалса ешқандай шағым түсірмейміз", деп жаздырып алған.