«Қайратты жалғыз қалдырмайық дедік»: Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды не үшін Алматыда қарсы алғанын түсіндірді

Продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды кіші ұлымен қарсы алды. Өнерлі отбасының бұл жолғы бас қосуына үлкен ұлы мен ортаншы ұлының отбасы келмеді, деп хабарлады Paryz.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайратты жалғыз қалдырмайық дедік»: Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды не үшін Алматыда қарсы алғанын түсіндірді
фото: әлеуметтік желіден

Қайрат пен Жұлдыздың балалары Катарда демалып жатыр.

“Жаңа-жылдың отбасылық мерекесінде, жанұямыз түгел жанымызда болмаса да сымсыз телефонның құдіретімен арамыз еш алыстаған жоқ, көз алдымызда видеоқоңырау арқылы, сөйлесіп мәз болып отырдық. Қазіргі жастар не деген бақытты, дамыған заманда өмір сүріп жатқан. Ата-анамыздың көзі тірі кезінде, алыста жүрген біздерден сарғая, сағына тек хат күтуші ед, 1-2 аптада амандығы жазылған хат та жетіп қалар деп.Зуылдап өтіп жатқан заман-ай! Баршаңыздың отбасыңызда ауызбіршілік, татулық орын алсын! Абысын тату болса, бауырлар ажырамайды, жақындай түседі, өнеге алған ұрпағы бірін-бірін бауырым деп таниды. Алла саналы, адал келін бұйыртсын әрбір шаңырақтың шамшырағы боларлық. Анау кінәлі, мынау кінәлі деп өсек іздегенше, әр адам өз қатесін түзесе деймін. Барыңызда бағалаңыз! Өмір-өзен!”, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар желі қолданушылары Қайраттан туған немерелерін іздеп жатыр. Гүлзира Үсенқызы алаңдап жатқан оқырмандарына алғыс айтып, не үшін келмегендерін түсіндірді. 

“Аян мен Айгерім Астанада тұрады. Айгераға қоятын еш мініміз жоқ. Аян екеуі Қытайдан енді ғана келді, бекерге балаларды ауыртып алады, Астананың боранынан бала-шаға тұрмақ, Нұрекең 15 сағат әуежайда кідіріп, 1 тәулік отырып әрең жетті. Негізі Астанаға барып бәріміз бірге қарсы аламыз деп ойластырғанбыз. Оған Қайрат Қызылордадан 31-не кешке Алматыға тапсырыстарынан келді, жалғыз қалдырмайық дедік. Бала-шағасына Катарға да Алматыдан ұшуы керек болды. Мен де жаңа-жылды қарсы алып бола сала Вьетнамға ұшуым керек болды. Әйтеуір жоспарымыз өзгеріп кетті. Адамның емес, Алланың дегені болады деген рас қой”, – деді продюсер.