27.12.2023, 12:20

Ерке Есмахан жаңа жыл қарсаңында отбасылық суретін жариялады

фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жаңа жыл мерекесі қарсаңында тыңдарманына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында отбасылық суреттерін салып, жаңа жылға тілегін жеткізген.

2023 жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне, 2023 жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір!

Төртеу түгел болып, бұдан да көбейіп, жылдан-жылға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Барлық арманыңыз орындалсын! 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! – делінген жазбада.